![]() |
![]() American Language Center University of California Los Angeles 10920 Lindbrook Drive Los Angeles, California 90024 USA Телефон: 310.825.9068 Факс: 310.825.6747 Бізге хабарласу! Оқу орнын таныстыруThe American Language Center оқу орны UCLA Extension мекемесінің бір бөлігі болып табылады. Ол Лос-Анджелестің ең қауіпсіз аумақтарының бірінде, UCLA қалашығынан үш кварталдық жерде, Тынық мұхитынан, Голливудтан, Беверли Хилстан 20 минуттық жерде және Диснейленд, Юниверсал Студиос сияқты танымал орындарға жақын орналасқан.ESL бағдарламасын таныстыруЖасы 18-ден асқан барлық жұртшылыққа арналған толық күндік, қарқынды курстар: академиялық, сөйлесу, кәсіпқой. Күзгі, қысқы және көктемгі 10 және 4 апталық курстар. Жаз кезіндегі 3, 4, 6 немесе 12 апталық бағдарламалар. Туристтер мен кәсіпқойларға арналған түске дейінгі уақыттағы жартылай күндік курстар ұсынылады.Оқу бағдарламасы туралы негізгі ақпарат:Аптасына 20-23 сағат аудиториядағы оқытуға қоса, студенттер American Language Center оқу орнының заманауи тіл/компьютер бөлмелерін қосымша тіл практикасынан және жаттығудан өту үшін күнделікті тегін пайдалана алады, сондай-ақ, олар бұл бөлмелерде жеке электрондық пошта мен интернетті пайдалануға мүмкіндік алады.Таңдамалы оқу курстарына мыналар кіреді: iBT TOEFL емтиханына дайындалу, Іскери ағылшын тілі және сленг, Теледидар мен бейнефильмдер арқылы Америка, Дауыстап айтуды жақсарту және т.б. көптеген курстар. Барлық курстарды біліктілігі жоғары және тәжрибелі мұғалімдер жүргізеді. Негізгі деректерESL студенттерінің саны: 200-400Бір сыныптағы студенттердің орташа саны: 17 Апталық сағат саны: Қарқынды бағдарламалар үшін 20-23 (жартылай күндік курстар үшін 12 сағат) Ең төменгі жас: 18 I-20 визасы керек пе? Иә Оқу орнының орналасқан жері: Қалалық жерде Аккредитация: AAIEP Тұру орны мүмкіндіктеріҮйде тұру, жатаханада тұру, пәтер жалдап тұру (бағасы курстың төлеміне кірмейді)Кесте және төлемдерАкадемиялық қарқынды ағылшын тілі бағдарламасы (AIEP): аптасына 23 сағат
Қарқынды ағылшын тілінде қатынасу бағдарламасы (IECP): аптасына 20 сағат
Американдық мәдениет және қатынасу курсы (ACC): аптасына 12 сағатACC жартылай күндік курс болып табылады және Құрама Штаттарға жанұясы мен достарын көріп кетуге келген, іскери жобаларымен келген немесе АҚШ және Оңтүстік Калифорнияға саяхатқа келген адамдарға арналады. ACC курсы қатысушыларға өздерінің ағылшын тілін меңгеру деңгейін көтеруге және Американдық мәдениетпен танысуға әрі Оңтүстік Калифорниядағы өмір туралы көбірек білуге мүмкіндік береді. Қатысушылар ағылшын тілі сабақтарына үш немесе төрт апта бойынша дүйсенбіден бейсенбіге дейін, аптасына төрт рет, тек түске дейін кіреді. Түске дейін үш 50 минуттық дәріс беріледі. Қайтарылмайтын $150 сомасындағы кіріс төлемі қажет; бұл төлем 1 жылға жарайды. Студенттік қызметтер төлемі барлық студенттер мен барлық бағдарламалар үшін қажет. Ескертпе: Бұл курс Құрама Штаттарға оқу мақсатымен келгендерге емес, қысқа мерзімді туристтер мен іскери адамдарға арналған. Бағдарлама жаттығулардың толық курсын қамтымайды және F-1 студенттік виза үшін жарамды емес.
Күндері IECP кестесімен бірдей (жоғарыдан қараңыз): Біздің бағдарламаларымыздың кез келгеніне қызығушылық танытсаңыз және ол туралы мәлімет алғыңыз келсе, бізге хабарласыңыз!
American Language Center - University of California Los Angeles және UCLA Extension оқу орындарының веб-тораптарын қарап шығыңыз. Мәлімет сұрастыру Қазір өтініш беру!
Featured Programs | Find a Program |
Resource Guide |
StudyUSA.com
Copyright © 1995-2008 Study in the USA, Inc. All Rights Reserved. Terms of Use/Privacy |
AAIEP Member Program |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||